-
Сионист әскерилердің шабуылында 141 палестиналық жараланды
Шіл 24, 2017 03:03Палестинаның Қызыл Жарты Ай қоғамы сенбі күні кешке Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы түрлі аймақтарда сионист әскерилердің палестиналықтармен қақтығыстарында 141 Палестина азаматының жараланғанын мәлімдеді.
-
Палестиналықтарға әл-Ақса мешітіне кіруге шектеу қою – халықаралық заңдарға қайшы
Шіл 23, 2017 04:38Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы Хосейн Амир Абдуллахиан сионистік режим тарапынан палестиналықтарға әл-Ақса мешітіне кіруге шектеу қойылуын халықаралық заңдарға қайшы деп атады.
-
Иран Кувейтке қатаң наразылық білдірді
Шіл 21, 2017 16:21Кувейттің СІМ тарапынан ИИР-на «әл-Абдали» деп аталатын іс бойынша негізсіз айыптаулар жасалғаннан кейін Кувейттің Теһрандағы сенімді өкілі Фаллах әл-Хаджраф Иран СІМ-не шақырылып, оған Иран үкіметінің қатаң наразылығы жария етілді.
-
Сауд Арабиясы әлемде жасалған террорлардың көбіне жауапты
Шіл 21, 2017 16:13ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Сауд Арабиясын 1998 жылдан бері әлемде жасалған террорлардың 94 пайызына жауапты деп атады.
-
Сионистік режим палестиналық намазхандарды басып-жаншу әрекеттерін жалғастыруда
Шіл 21, 2017 12:34Сионистік режим әскерилерінің бейсенбі күні кешке Құдстың көне бөлігіндегі әл-Ақса мешітінде палестиналық намазхандарға жасаған шабуылы салдарынан 42 адам жараланды.
-
АҚШ лаңкестікпен күрес сылтауымен ислам әлемін жаулап алуды көздейді
Шіл 21, 2017 12:31Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдул Малик Бадреддин аймақ пен Йемендегі өзгерістер туралы: «АҚШ лаңкестікпен күрес сылтауымен қауіпті мақсаттарды көздейді. Солардың басында ислам әлемін жаулап алу тұр»,-деді.
-
Сауд Арабиясының королі өз ұлының мүддесі үшін тақтан кетуі ықтимал
Шіл 20, 2017 15:56Reuters сәрсенбі күні Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдул-Азиз Аль Саудтың өз ұлы Мұхаммад бен Салманның мүддесі үшін қыркүйек айында тақтан кету ықтималдығын хабарлады.
-
Сирия кейбір араб елдерінің Израильмен жақсы байланысын сынады
Шіл 20, 2017 04:12Сирия СІМ-нің орынбасары Фейсал Меқдад кейбір араб елдерінің сионистік режиммен достық байланыстарын сынап:
-
Сирия: Дамаскта химиялық қару жоқ
Шіл 19, 2017 10:37Сирия СІМ Дамасктың ешқандай химиялық қаруға ие емес екенін және оны ешқашан қолданбағанын қуаттап, Еуропаның Сирияға қарсы жаңа санкцияларының Батыстың лаңкестерге тікелей қолдау көрсетуі аясында жүзеге асырылып жатқанын айтты.
-
Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық шәһид болды
Шіл 19, 2017 10:25Сионистік әскерилердің Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан әл-Халил қаласының солтүстігіндегі шабуылда бір палестиналық қаза тапты.