Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияда ораза айт күнінің уақыты жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i10633-Қазақстан_Қырғызстан_мен_Түркияда_ораза_айт_күнінің_уақыты_жарияланды
Қазақстан мен Қырғызстанның діни басқармасы мен Түркияның дін істері ұйымы сейсенбі күнін ораза айт күні деп жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 04, 2016 17:02 Asia/Almaty
  • Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияда ораза айт күнінің уақыты жарияланды

Қазақстан мен Қырғызстанның діни басқармасы мен Түркияның дін істері ұйымы сейсенбі күнін ораза айт күні деп жариялады.

Қазақстан мен Қырғызстанның мүфтияты мұсылмандарды осы күні өтетін айт намазына қатысуға шақырды. Орталық Азиядағы өзге елдерде, соның ішінде Өзбекстан мен Түркіменстан және Тәжікстанда ораза айт сәрсенбі күні өтеді.

Мүбәрак рамазан айы Орталық Азия елдерінде 6- шы маусымда басталды. Осы елдер алғаш рет бір күн айырмашылықпен ораза айт күнін жариялап отыр.

Түркияның дін істері ұйымы да сейсенбі күнін ораза айт күні деп жариялады.

Түркия дін істері ұйымының хабарламасында ораза айтпен құттықтаумен қоса, ислам үмбетінің қоқан-лоққыларға қарсы бірігуі мен қырағы болуы қуатталған.

Ораза айты бұл елдерде құрбан айттан кейін екінші үлкен мейрам ретінде аса маңызды да қасиетті мәртебеге ие. Халық бұл күндері үйлерін тазартып, түрлі тәтті тағамдар пісіріп, әсіресе балаларға жаңа киім сатып әперіп, айт- мерекені қарсы алады.