Иран Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болып кіруін қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i10669-Иран_Қазақстанның_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесінің_мүшесі_болып_кіруін_қолдады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «ИИР Қазақстанның мүмкіндіктеріне көңіл бөліп, бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болып кіруін қолдайды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 05, 2016 10:19 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болып кіруін қолдады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «ИИР Қазақстанның мүмкіндіктеріне көңіл бөліп, бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болып кіруін қолдайды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болып кіруін қолдап: «Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы елдердің ішінде аталмыш кеңестің тұрақты емес мүшелерінің қатарына кіріп отырған бірінші ел.

Әлемдік сахна әртүрлі дағдарыстармен бетпе-бет келіп отырған жағдайда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сындарлы рөл атқара алады»,- деп мәлімдеді.