Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалануға өтініш жасады
Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстанда орналасып, сол елде жұмыс істеуіне қарамастан Ресей федерациясының "Роскосмос" ұйымының төрағасы жақында Астананың осы орталықты бірлесіп пайдалану туралы өтінішін қарастыратынын хабарлады.
Ресей федерациясының "Роскосмос" ұйымының төрағасы Игорь Комаров "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатта Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік комиссиясының Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану тақырыбына қатысты мәселелерді қарастыру мақсатында өтетінін айтты. Ол сөзінің жалғасында екі ел қайраткерлерінің кездесуде Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану, қажет бірліктерді анықтау, зымырандарды тиеу және ату құралдарына қатысты болашақ жобаларды қарастыратындықтарын мәлімдеді.
Қазақстанның Байқоңыр ғарыш кешені әлемдегі ең көне және ең үлкен белсенді ғарыш полигоны саналады.