Бен Ладеннің ұлы әкесінің кегін алатынын айтып, қоқан-лоққы жасады
Шіл 11, 2016 14:01 Asia/Almaty
«Әл-Каида» лаңкестік тобының бұрынғы басшысының ұлы АҚШ-қа әкесінің кегін алатынын айтып, қоқан-лоққы жасады.
«Россия әл-Яум» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, «Әл-Каида» лаңкестік тобының бұрынғы басшысы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладен жексенбі күні интернет арқылы таратқан дыбыстық жолдауында «АҚШ-тан әкемнің кегін аламын» деп қоқан-лоққы жасады.
Хамза бен Ладен осы 21 минуттық дыбыстық жолдауында: «Әл-Каида АҚШ пен оның одақтастарына қарсы соғысты жалғастыра береді»,-деп қоқан-лоққы жасады.
Усама бен Ладен 2011 жылы Пәкістанда жасырынған жерінде АҚШ-тың арнайы күштерінің амалдары барысында өлтірілді.