Ресеймен байланыстарды кеңейту Иранның Каспий теңізіндегі алғашқы басты бағдары
ИИР Қарулы күштері Бас қолбасшысының көмекшісі әрі жоғары кеңесшісі Ресеймен экономикалық, саяси, қорғаныстық және қауіпсіздік салалары бойынша байланыстарды кеңейтуді ИИР-ның Каспий теңізінің геополитика саласындағы алғашқы басты бағдары деп атады.
ИИР Қарулы күштері Бас қолбасшысының көмекшісі әрі жоғары кеңесшісі генерал-майор сейед Йахия Рахим Сафави бүгін, бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Анзали азат аймағындағы "Каспиан" портын аралауда Ресейдің 150 миллион адамнан тұратын халқын екі елдің әртүрлі салалардағы серіктестігінің маңызды негіздері деп атап: "Ресей, Түркіменстан, Қазақстан және Әзірбайжанмен әрекеттесудің геополитикалық, географиялық және саяси факторлары Иранның Каспий теңізіндегі байланыстарының стратегиялық сипатын анықтайды" деді.
Иран студенттерінің хабар агенттіні ИСНА-ның мәліметі бойынша, генерал-майор Рахим Сафави сонымен қатар "Иран Каспий теңізі жағалауындағы елдермен саяси және экономикалық байланыстарды арттыру үшін саяси, экономикалық, тіпті қауіпсіздік және қорғаныстық салалары бойынша Ресеймен 30 жылдық стратегиялық байланыстарға ие бола алады" деді.