Өзбекстан мен Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i11425-Өзбекстан_мен_Қырғызстанның_Қазақстанмен_шекарасында_қауіпсіздік_шаралары_күшейтілді
Өзбекстан өз әуежайларын және Қазақстанмен шекаралық аймақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін арнайы қауіпсіздік шараларын қолданды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 20, 2016 05:32 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өзбекстан өз әуежайларын және Қазақстанмен шекаралық аймақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін арнайы қауіпсіздік шараларын қолданды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметіне қарасты осы елдің шекараларын күзету комитетінің үкіметтік өкілі сейсенбі күні Қазақстанның Алматы қаласында болған атыс оқиғасынан кейін Өзбекстан шекарашылары өздерінің қазақстандық әріптестерімен мәлімет алмасумен қоса, шекараларды бақылауды күшейтті деп мәлімдеді.

Осы өзбекстандық қайраткер: "Өзбекстанның шекара басқармасы осындай жағдайларға қатысты алдын ала шараларды қарастырып, жоспар құрып, қосымша күш аттандырмастан бақылау мен күзетуді күшейтіп отыр" деді.

Сондай- ақ Қырғызстанның шекара қауіпсіздігі күштері Қазақстанмен ортақ шекараларда төтенше қауіпсіздік жағдайын жариялады.

Қырғызстан шекаралық күштері қайраткерлерінің айтуынша, қауіпсіздікті көбірек қамтамасыз ету үшін Қазақстан шекарасына таяу жердегі шекаралар мен тексеру пункттері көбірек күштерді жұмысқа тарту арқылы  дайындық жағдайына келтірілді.