Украина президенті Иранға қарсы салынған санкциялардың күшін жою туралы жарлыққа қол қойды
(last modified Thu, 21 Jul 2016 15:51:53 GMT )
Шіл 21, 2016 21:51 Asia/Almaty
  • Украина президенті Иранға қарсы салынған санкциялардың күшін жою туралы жарлыққа қол қойды

Украина президенті Петр Порошенко Украинаның ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы салынған санкциялардың күшін жою жобасы бекітілгеннен бір ай өткен соң жарлық шығарып, ресми түрде оны орындауға бұйырды.

Украинаның ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімінен кейін таяуда Иранға қарсы салынған санкцияларды жою туралы жоба бекітті.

Украина еуропалық және батыстың кейбір елдеріне ілесіп, ядролық бағдарлама дегенді сылтауратып, Иранға санкция салған елдердің лагеріне қосылған болатын. Иран мен «алтылық» елдері арасында келісім жасалып, «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылған соң Украина үкіметі де Иранға қарсы салынған санкцияларды жою үдерісіне қосылды.   

Тегтер