Альборз облысы мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы кеңейеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i12091-Альборз_облысы_мен_Қазақстанның_экономикалық_ынтымақтастығы_кеңейеді
Теһран облысының батысында орналасқан Альборз облысы мен Қазақстанның экономикалық және сауда- саттық ынтымақтастықтары кеңейеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 01, 2016 18:19 Asia/Almaty
  • Альборз облысы мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы кеңейеді

Теһран облысының батысында орналасқан Альборз облысы мен Қазақстанның экономикалық және сауда- саттық ынтымақтастықтары кеңейеді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің жетекшілігіндегі Қазақстанның 28 адамнан құралған экономикалық және сауда- саттық делегациясы дүйсенбі күні Альборз облысына келді. Осы делегацияның құрамында Қазақстанның химиялық өнеркәсіп, ақуыз өнімдері, қазба машиналары, мұнай мен газ өндірісінің машиналары, инвестиция салу, ауылшаруашылығы және тамақ өнімдері салаларының басшылары мен мамандары бар.