Иран мен Қазақстан меморандумға қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i12121-Иран_мен_Қазақстан_меморандумға_қол_қойды
Батыс Қазақстан облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Иранның Альборз облысының Сауда палатасы сауда мен инвестиция салуды арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 02, 2016 10:40 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан меморандумға қол қойды

Батыс Қазақстан облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Иранның Альборз облысының Сауда палатасы сауда мен инвестиция салуды арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Дүйсенбі күні осы меморандумға Иранның Альборз облысы Сауда палатасының төрағасы Рахим Бана Моулаи мен Батыс Қазақстан облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ержан Балтаев қол қойды. Альборз облысы Сауда палатасының төрағасы меморандумға қол қою рәсімінде: «Меморандум өзара тиімді сауда қарым-қатынасын дамытуға жаңа жағдайдың қалыптасқанын ескере отырып, дайындалды. Тараптар өз деңгейінде екі облыс халықтары арасында сауда және өнеркәсіп салаларында қарым-қатынас орнатып, оны дамытуға міндеттеме қабылдайды. Екі елдің арасында сауда қатынасын арттыру, Қазақстан мен Иранның кәсіпкерлері, компаниялары мен өкілдеріне екіжақты қатынасты өрістету үшін заңды тұрғыдан қолдаулар көрсетуге көмектесу осы меморандумда көрсетілген»,-деп мәлімдеді. Ол Альборз облысының тауарларын пайдаланып Қазақстанда жаңа өнімдер, тауарлар мен қызметтер дайындауды, Батыс Қазақстан облысы мен Иранның Альборз облысына екіжақты ортақ инвестициялар тартуды меморандумда қарастырылған келесі тақырыптар деп атады.