Қазақстан Ресей мен Түркияның достық байланысын қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i12688-Қазақстан_Ресей_мен_Түркияның_достық_байланысын_қолдады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Түркия мен Ресей қарым- қатынасының жақсаруын қолдады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 11, 2016 14:54 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ресей мен Түркияның достық байланысын қолдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Түркия мен Ресей қарым- қатынасының жақсаруын қолдады.

Ерлан Ыдырысов Түркия мен Ресей қайраткерлерінің Санкт- Петербургтегі сұхбаттарының нәтижелері туралы айтқан сөзінде: Ресей мен Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестері болып табылады. Қазақстан осы екі елдің қарым- қатынасының жақсаруын қолдайды" деді. Ыдырысов Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия мен Ресей қарым- қатынасының жақсаруында атқарған рөліне сілтеме жасап: "Елбасы Қазақстанның Ресей және Түркиямен жақын байланысы мен екі елдің президенттерімен жақсы қарым- қатынасын Мәскеу мен Анкара байланыстарын жақсартуда рөл атқару үшін мүмкіндік ретінде пайдаланды" деді.