Тайебния: Иран – шетелдік инвестиция үшін қауіпсіз ел
Иранның Қаржы және экономика министрі сәрсенбі күні Бейжіңде «Ирандағы инвестициялық мүмкіндіктер» атты форумда Иранды шетелдік инвестиция үшін аймақтағы ең қауіпсіз ел деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Тайебния: «Иран әлемнің әртүрлі елдерімен қуат көздері мен тауар алмасып, сауда жасау үшін бірегей географиялық жағдайда орналасқан. Аймақта болған соңғы дағдарыстарға қарамастан, Иран шетелдік инвестицияны тарту үшін стратегиялық жағдайы тұрғысынан ең қауіпсіз ел болып табылады»,-деді.
Ол Иранға инвестиция салудың келесі артықшылықтарының қатарында инвестицияның табысын тасымалдау мүмкіндігі мен шетелдік инвесторлар үшін тауарлар мен өнімдерді экспорттау үшін рұқсаттың қажет еместігін атады.
Тайебния Иран мен Қытай арасында қол қойылған екіжақты келісімге сәйкес Иранда Қытай инвесторлары үшін барлық жеңілдіктердің жасалғанын айтты.