Ресей Иран және Түркиямен Сирия туралы сындарлы келіссөздерді қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i13093-Ресей_Иран_және_Түркиямен_Сирия_туралы_сындарлы_келіссөздерді_қуаттады
Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы осы елмен Иран және Түркия арасында Сирия туралы өтіп жатқан үш жақты келіссөздерді сындарлы деп бағалады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 19, 2016 16:57 Asia/Almaty
  • Ресей Иран және Түркиямен Сирия туралы сындарлы келіссөздерді қуаттады

Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы осы елмен Иран және Түркия арасында Сирия туралы өтіп жатқан үш жақты келіссөздерді сындарлы деп бағалады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы Мария Захарова бейсенбі күні Мәскеуде тілшілерге берген сұхбатта Ресей, Иран және Түркияның Сирия мен аймақ дағдарысын шешу туралы келіссөздерін тиімді және әсерлі деп атады.

Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ осы елдің Америкамен келіссөзі туралы айтқан сөзінде Мәскеу мен Вашингтонның Сирия туралы бірлескен әрекетінің маңызды кезеңге енгенін мәлімдеді. 

Ол Ресей мен Түркияның Сирия тақырыбына қатысты көзқарас айырмашылығы жөнінде де: "Келіспеушіліктерді бір күнде шешу мүмкін емес, бірақ қазіргі байланыстар үміт ұялатады" деді.