Қытай: Елдер сауда мен инвестицияны нығайту жолында қадам жасасын
Қытай председателі Қытайда G20 тобы басшылары отырысының басында сөйлеген сөзінде «Әлемдік экономикадағы қатерлер артуда. Елдер сауда мен инвестицияны нығайту жолында қадам жасауы керек» деді.
Рейтер хабар агенттігінің бүгінгі мәліметі бойынша Қытай председателі былай деген: «G20 тобына мүше елдер макроэкономика саласында жан-жақты саясаттарды жалғастырып, осы салада серіктестіктерді нығайтуда белсенді түрде әрекет етуі керек» деді.
Си Цзиньпин Ханчжоуда өтіп жатқан осы отырыста G20 тобының әлемдік экономикалық дамуды нығайтуға көмектесетіндігіне үміт білдіріп: «Осы отырыс экономикалық мәселелердің шешім жолын ұсынып, тұрақты және үйлесімді экономиканың дамуының жүзеге асуына көмектеседі» деді.