Солтүстік Корея ядролық сынақтарын жалғастыруда
Солтүстік Корея өзінің бесінші ядролық сынағын АҚШ-тың жауластық саясаттарына жауап ретінде жасағанын айтты. АҚШ пен оның одақтастары Солтүстік Кореяны егемендігі мен өзін-өзі қорғауға құқығы бар ядролық ел ретінде қабылдамай отыр.
Солтүстік Корея, сондай-ақ, бұл сынақты осы елдің билігіндегі Жұмысшылар партиясы мен халықтың өзінің санкциялары, қысымдары мен қоқан-лоққылары арқылы Пхеньянға қысым көрсетуге талпынып жатқан АҚШ пен оның армиясына берген мықты соққы деп атады.
АҚШ пен оның одақтастары, яғни Оңтүстік Корея мен Жапония Пхеньянға әсіресе сауда-экономикалық салада қысымдарын арттырған жағдайда Солтүстік Корея жаңа ядролық сынақ өткізді.
Солтүстік Кореяның көзқарасы тұрғысынан осы елдің ядролық және зымырандық сынақтары АҚШ-тың арту үстіндегі әскери қоқан-лоққыларына қарсы Пхеньянның қорғаныс қабілетін нығайту үшін жасалып жатыр. АҚШ пен Оңтүстік Кореяның осы елдің суларында бірінен соң бірі әскери жаттығулар өткізуі, сонымен қатар, АҚШ әскери күштерінің өзінің одақтас елдеріндегі құзырының артуы Солтүстік Кореяның АҚШ-тың осы елді нысанаға алуға талпынысы деп қарастырып отырған жағдайларға жатады.
Осы тұрғыдан Солтүстік Корея АҚШ-тың өзіне қарсы жауластық саясатының тоқтатылуын талап етумен қоса, өзінің қорғаныстық күш-қабілетін нығайту қажеттігін баса айтып отыр.
Батыстың кейбір ақпарат құралдарының қуаттаулары бойынша, Солтүстік Корея халықаралық ортаның назарын аударып, Батыстан өзінің экономикалық жағдайын жақсартуға көмектесуі үшін ұпай алу мақсатында халықаралық ескертулерге қарамастан, қайта-қайта ядролық және зымырандық сынақтар жүргізеді.
Осындай жағдайда АҚШ армиясының 90 мыңнан астам сарбазы Жапония мен Оңтүстік Кореяда құзыр теуіп отыр. Бұл екі ел Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық сынақтарының құдіретін түсінгендіктен тек өздерін көрсету үшін сынақ өткізбейді, керісінше олар тарапынан қатерді жақсы сезініп отыр деген нәтиже шығарды.
Бейжің басшыларының көзқарасынша, Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық сынақтары АҚШ үшін жақсы сылтау болып отыр. Ол өзінің одақтастарының арандатуымен аймақта әскери күш пен қару-жарақтарды арттырып, Қытайды қоршауға алады.
Қытай үкіметі АҚШ-тың негізгі мақсатын Жапония мен Оңтүстік Кореядағы өзінің әскери күш-қуатын нығайту, соның ішінде бұл елде «Тад» зымырандық кешенін орналастыру, Солтүстік Кореяны арандату, Қытайды өз шекарасындағы шектеу деп санайды.
Сол себепті Қытай Солтүстік Кореяны ядролық және зымырандық сынақтарды тоқтатуға көндіреді деп күтілетін Батыстың қысымынан босап шығу үшін бұл сынақтарды растамайтынын мәлімдеді.
Солтүстік Кореяның одақтастарының бірі саналатын Ресей Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынағын сынау арқылы осы мәселеде Батыспен бірге болуға тырысып жатқанын көрсетті. Ал бұл жағдайда Батыс орталары Бейжің пен Мәскеудің мұндай позицияларын сахналанған көрініс деп атап, Батыстың қысымдарын азайту үшін жасалып жатыр деп түсінді.
Қалай болғанда да саяси бақылаушылар мынадай пікірде: қоқан-лоққыға ұшыраған немесе қысымды сезінетін кез-келген елдің қорғаныстық күш-қабілетін арттыруы халықаралық заңдар бойынша қабылданған. Осы тұрғыдан Пхеньянның көзқарасы бойынша, АҚШ пен оның одақтастары әртүрлі әскери жаттығулар өткізу және оған қауіп төндіру арқылы Солтүстік Кореяны арандатып, Корея түбегінде дағдарысты үдете түсуде. Бұл дағдарыс ақыр соңында ешқай тараптың, соның ішінде Солтүстік Кореямен текетіресте алғы шепте тұрған Жапония мен Оңтүстік Кореяның мүддесіне сай емес. Қытай Сыртқы істер министрі де Корея түбегінде тұрақсыздық, бейберекеттік, тіпті соғыстың туындауы ешбір тарапқа пайда әкелмейтінін мәлімдеді.