Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарын айыптады
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі кеше, сенбі күні өз мәлімдемесінде аймақтық және әлемдік қауіпсіздіктің қатерге ұшырауына себеп болатын Солтүстік Кореяның жуырдағы ядролық сынақтарын жауапсыз әрекет деп атады.
Қазақстан СІМ-нің мәлімдемесінде айтылғандай, бұл ел Солтүстік Кореяның шараларын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің осы елге қатысты қарарларына қайшы деп санайды.
Сондай-ақ, осы мәлімдемеде Солтүстік Кореяның жауапсыз шараларының ядролық қарусыздану үдерісіне кері әсер тигізетіні, аймақтық және әлемдік қауіпсіздіктің қатерге ұшырауына себеп болатыны айтылған.
Бұл мәлімдемеде сонымен қатар: «Солтүстік Кореяның шаралары көптеген елдердің ядролық қарудан таза болашақ құру жолындағы талпыныстарының әлсіреуіне себеп болады»,-деп жазылған.
Солтүстік Кореяның жұма күні жүргізген ядролық сынағы бұл елдің әлемнің түкпір-түкпірінде ауқымды да қатаң сындарға ұшырауына әкеліп соқтырды.