Иран мен Қазақстан арасында жаңа кеме жолы ашылды
Қыр 13, 2016 16:12 Asia/Almaty
Каспий теңізіндегі кеме қатынасы компаниясының басшысы Əли Акбар Ғончи Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі Ақтау қаласында Иранның бір кемесінің айлақтауымен жаңа айлақтың ресми түрде ашылғанын хабарлады.
Ғончи Ақтаудағы жаңа айлақтың Қазақстанның жеке секторындағы инвесторлардың көмегімен салынып, Иранның Каспий теңізіндегі кеме қатынасы компаниясына тиесілі "Виана" кемесінің айлақтауымен ресми түрде ашылғанын айтып: "Қазіргі таңда Ақтаудағы жаңа айлақ дəнді-дақылдар сақтау қоймалары мен үш кемежай салынған соң қолданысқа берілді. Жақын болашақта бұл айлақтың кемежайларының саны алтыдан асатын болады",-деді.
Тегтер