Ақтау-Горган тікелей әуе рейсі ашылды
Ғадир хом мейрамымен тұспа-тұс Қазақстанның Ақтау қаласы мен Иранның солтүстігіндегі Гүлстан обылысының орталығы Горган қаласының арасында тікелей әуе қатынасы ашылды.
Ақтаудағы Иранның Консулы Мұхаммад Адиб сейсенбі күні Ақтау-Горган әуе рейсінің ашылу рәсімінде: «Бұл әуе қатынасының іске қосылуымен Иран мен Қазақстан президенттерінің өткен үш жылдағы кездесулерінде қуаттаған іс-әрекеттерінің бірі іске асырылды. Ақтау-Горган тікелей әуе рейсінің іске қосылуы қарым-қатынастарды кеңейту әсіресе облыстық ынтымақтастықтарға кедергі болған мәселені шешіп, Иран мен Қазақстанның экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді жылдамдатады»,- деді.
Ақтау-Горган тікелей әуе рейсі сейсенбі күндері ұшатын болады. Келешекте келіссөздерден кейін бұл рейс аптасына екі рет іске асырылмақ.