Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық келісімі бекітілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14875-Қазақстан_мен_Тәжікстанның_стратегиялық_келісімі_бекітілді
Қазақстан Парламентінің Мәжіліс палатасында Душанбе мен Астананың стратегиялық ынтымақтастықтар келісімі бекітілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 21, 2016 16:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық келісімі бекітілді

Қазақстан Парламентінің Мәжіліс палатасында Душанбе мен Астананың стратегиялық ынтымақтастықтар келісімі бекітілді.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Мұхтар Тілеуберді осы елдің Мәжіліс палатасындағы отырыста: «Тәжікстан бауырлас ел және Орта Азия аймағындағы біздің негізгі саяси және стратегиялық серіктестеріміздің бірі саналады. Бұл елмен қарым-қатынас – Астананың сыртқы саясатының басты бағдарларының бірі»,-деді.

Қазақстанның ақпарат құралдарының жариялауы бойынша,  бұл құжатқа өткен  жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Душанбеге ресми сапары барысында қол қойылған болатын.

Тәжікстан Парламентінің Мәжіліс палатасы бұл келісімді өткен жылы желтоқсанда бекітті.