Нигерия көшелерінде мұсылмандар шеру өткізді
Нигерияның «Исламдық қозғалыс қоғамының» студенттік тармағы осы ел мұсылмандарының жетекшісін босату үшін бейбіт шеру өткізді.
Нигерия мұсылмандарының бір тобы мен «Исламдық қозғалыс қоғамы» сәрсенбі күні осы елдің астанасы Абуджада шеру өткізіп, мұсылмандар жетекшісі шейх Ибрахим Закзакидің тез арада және ешбір шартсыз босатылуын, армия мен қауіпсіздік күштерінің Нигерия шиіттерімен антигуманитарлық қатігез қатынасының тоқтатылуын талап етті.
Нигерия армиясы 2015 жылдың 13 желтоқсанында Зария қаласындағы шейх Закзакидің үйі мен хосейниеге шабуыл жасап, 2000-ға жуық адамды өлтірді.
Нигерия армиясы, сондай-ақ, шейх Закзаки мен оның жұбайын түрмеге қамады. Түрмеде шейх Закзакидің бір көзі көруден қалып, денсаулық жағдайы нашарлаған.