Қыр 24, 2016 15:59 Asia/Almaty
  • Вашингтонда Иранға қатысты қайшылыққа толы пікірлер айтылуда

АҚШ-тың Қаржы министрлігі тарапынан Иранға Airbus пен Boeing ұшақтарын сатуға рұқсат берілгенінің жариялануымен бір мезгілде осы елдің Өкілдер палатасы Иранға қарсы тағы бір жоба бекітті.

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының жаңа жобасында осы елдің үкіметіне өткен жылдардағы қаржылай есеп айырысу үшін Иранға қолма-қол ақша төлеуді Конгреске хабар берусіз атқаруға тыйым салды. Бұл жоба Өкілдер палатасында басым дауысқа ие республикашылдардың қолдауымен бекітілді. Бұдан бір күн бұрын да АҚШ Конгресіндегі Иранға қарсы лоббилер  Өкілдер палатасында тағы бір жоба бекітті. Сол бойынша АҚШ үкіметі Иранның жоғары лауазымды тұлғаларының шет елдердегі активтері жайлы мағлұматтарды АҚШ-тың заң шығарушыларына хабарлауы керек.

Ақ үй АҚШ Президентінің Конгресте Иранмен ядролық келісім – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына соққы беруге бағытталып, бекітілген кез-келген жобаға вето жариялайтынын хабарлаған болатын. Мұнымен бір мезгілде АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранға Airbus пен Boeing ұшақтарын сатуға рұқсат беру арқылы Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша міндеттемелерінің бірін орындады. Осы ұшақтарды Иранға тапсыруға аз уақыт қалса да,  АҚШ-тың атқарушы билігі  қоғамдық пікір мен Иран мен «алтылық» елдері арасындағы келіссөздердегі Вашингтонның саяси одақтастарының қысымымен Иранға жолаушы тасымалдаушы ұшақтарды сатуға салынған 40 жылдық санкцияны қайта қарастырған сыңайлы.    

Осы күндері Вашингтонда Иранға қатысты орын алып жатқан оқиғалар әралуан, кейде қарама-қайшы пікірлерді көрсетіп отыр. Бір жағынан АҚШ үкіметі өз міндеттемелері аясында әрекет етуге міндетті, екінші жағынан осы елдің заң шығарушы органы бұрынғындай Иран халқы мен үкіметімен жауласу дабылын қағып жатыр. Әрине, Иран мен «алтылық» елдері арасындағы келісімдер мемлекеттік міндеттемелер болып саналады. Осы тұрғыдан Ақ үй ел басшысының кім болғанына қарамастан, өз міндеттемелерін атқаруға міндетті. Бұған қарамастан АҚШ Конгресі бюджет белгілеу, жаңа заңдар дайындау немесе өткен заңдарды өзгертуде, АҚШ-тың сыртқы саясатынының бағытын, соның ішінде ИИР-на қатысты амал-әрекетін анықтауда әсерлі рөл атқарады. Осындай жағдайда әдетте сыртқы саясат мәселелеріне араласудан бойын аулақ ұстайтын АҚШ-тың Федералдық жоғары кеңсесі де Иранға қарсы ағымдардың қысымына түсіп, осы елге  қарсы үкімдер шығарды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында АҚШ-тың Иранға дұшпандығын азайту туралы айтылмаған. Бұған қарамастан осы көпқырлы халықаралық келісімнің мән-мазмұны АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерден бас тартуына негізделген. Сол себепті АҚШ-тағы Иранға қарсы ағымдардың  осы елге қарсы жаңа заңдарды бекітуді сұрауы ақыр соңында осы маңызды келісімнің жойылуына әкеліп соқтырады. Ал осы ойында жеңіліс табушылардың бірі АҚШ болмақ.

 

Тегтер