Иран мен Қазақстанның түрлі саладағы ынтымақтастықтары кеңейеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i15199-Иран_мен_Қазақстанның_түрлі_саладағы_ынтымақтастықтары_кеңейеді
Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары аймақ елдерінің қатыгездік, әсірешілдік және лаңкестік қоқан-лоққыларға тосқауыл қою үшін бірлескен ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 27, 2016 19:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның түрлі саладағы ынтымақтастықтары кеңейеді

Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары аймақ елдерінің қатыгездік, әсірешілдік және лаңкестік қоқан-лоққыларға тосқауыл қою үшін бірлескен ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.

Иран СІМ- нің Азия, Океания және ТМД елдері ісі бойынша орынбасары Ибрахим Рахимпур Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдиновпен кездесуде саяси, экономикалық, сауда- саттық, банк саласындағы ынтымақтастықтар, транзит, рельстік және теңіз тасымалы, энергия, Суап, ауылшаруашылығы ынтымақтастықтары және виза беруді жеңілдету салаларында қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейту мен тереңдету жолдарын талқылап,  өзара меморандумдар мен келісімдерді күшіне енгізуді қуаттады.

Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуінде, сондай- ақ ең маңызды аймақтық тақырыптар мен мәселелерге және әсірешілдік пен лаңкестікке қатысты қоқан-лоққыларға шолу жасалып, аймақ елдерінің қатыгездік, әсірешілдік және лаңкестік қоқан-лоққыларға тосқауыл қою үшін бірлесіп ынтымақтастық жасауы керектігі қуатталды.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Иран мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері орынбасарларының саяси кеңесулері шеңберінде осы елдің СІМ- нің бір топ төрағалары мен мамандарын бастап, Теһранға сапармен келді.