Сирияға қатысты Лозанна отырысының нәтижелері жарияланды
(last modified Sun, 16 Oct 2016 13:16:14 GMT )
Қаз 16, 2016 19:16 Asia/Almaty
  • Сирияға қатысты Лозанна отырысының нәтижелері жарияланды

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері ісі жөніндегі орынбасары: «Швейцарияның Лозанна қаласында Сирия дағдарысын шешуге көмектесуге арналған отырыста атысты тоқтату бітімін орнатудың жалпы жағдайлары талқыланды, бірақ оны орындауға арнайы уақыт белгіленген жоқ»,-деді.

Сенбі күні кешке Лозаннада БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі мен бірнеше елдің Сыртқы істер министрлерінің отырысы аяқталған соң ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Садық Хосейн Джабер Ансари Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне  берген сұхбатында: «Лозанна отырысында сириялық топтарды халықаралық көзқарастар мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары бойынша лаңкес саналатын топтардан ажыратып бөлу, Алеппо мен Сирияның басқа аймақтарындағы әртүрлі топтармен қатынас тәсілі, оларды шығару жолы мен оларды бөлу мәселелері ұзақ талқыланды.

Халықаралық қарарлар бойынша да, Лозанна отырысы негізінде де лаңкестік ұйым болып танылған «ән-Носрат» майданы (Фатх уш-Шам) тобы кез-келген келісімдер аясынан тысқары қарастырылатын болады.

АҚШ пен Ресейдің жуырдағы атысты тоқтату бітімінде «ән-Носрат» майданы лаңкестік тобына қарсы негізгі топтар арасында әріптестік жасалды. Сондықтан пікірталастардағы негізгі түйткіл топтарды бөліп, ойдағыны іс жүзінде көрсету болды»,-деп баса айтты.    

 

Тегтер