Лариджани: Лозанна отырысы нәтижесіз аяқталды
(last modified Tue, 18 Oct 2016 12:31:57 GMT )
Қаз 18, 2016 18:31 Asia/Almaty
  • Лариджани: Лозанна отырысы нәтижесіз аяқталды

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы жуырда Сирия туралы өткен Лозанна отырысының нәтижесіз аяқталғанын айтты.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Чех Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Пршемысл Соботкамен кездесуінде: "Иран әуел бастан Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді ұсынып келеді. Алайда әлемдік алпауыттар мен олардың аймақтағы одақтастары бұл дағдарысты келіссөздер арқылы шешуді қаламайды. Бұл бұрынғы келіссөздер мен Лозаннадағы отырыстың тығырыққа тірлеуіне себеп болды" деді. 

Лариджани АҚШ пен одақтастарының Сириядағы заңды үкіметті құлату талпыныстарын осы елдегі лаңкестік топтың пайда болуының факторы деп атап: "Бүгін лаңкестік аймақпен шектелмей, бүкіл әлемге қатер төндіріп отыр" деді. 

Чех Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Пршемысл Соботка да осы отырыста батыстық ақпарат құралдарының Иран туралы көптеген хабарларының шындыққа жанаспайтынын айтып: "Иранның Таяу Шығыстың ортасында, ал Чех Республикасының Еуропаның ортасында орналасуы екі елдің аймақтық елдердің нарықтарына қол жеткізуіне жағдай тудыратын маңызды мүмкіндік болып табылады" деді.

 

 

Тегтер