Қар 08, 2016 14:17 Asia/Almaty
  • АҚШ-та президенттік сайлауда дауыс беру басталды

Бүгін АҚШ-тың 58-ші президенттік сайлауы ресми түрде басталды.

CNN телеарнасының  мәліметі бойынша, АҚШ халқы қызу сайлауалды науқанынан кейін бүгін, сейсенбі күні елінің 45-ші президентіне дауыс беру үшін сайлау өткізетін мекендерге жиналды.

АҚШ-та дауыс беру уақыты бастала салысымен Нью-Гемпшир штатындағы Диксвилл-Нотч ауылында бірінші дауыс берілді.

Шамамен 40 миллион АҚШ тұрғыны президенттік сайлауға белгіленген уақыттан жылдамырақ  қатысты.

Нью-Йорк көшелеріне сайлау қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін 5000 полиция күші жиналды. Сондай-ақ 28 штатқа сайлау бақылаушылары аттанып, екі үміткер тоқтаған мекеннің айналасына қауіпсіздік күштері орналастырылды. Әуежайлар мен метро және қаланың айналасындағы көпірлерді жауапты органдар бақылауға алды.

Соңғы сауалнаманың нәтижелері бойынша демократтардың үміткері Хиллари Клинтонның республикашылардың үміткері Дональд Трамптан 4 пайыз алда екенін көрсетті.

 

 

 

 

Тегтер