Иран мен Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы зерттеу ынтымақтастықтары кеңейеді
Иран мен Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы зерттеу институттарының ынтымақтастықтарын кеңейту қуатталды.
Иран СІМ- нің білім және халықаралық зерттеулер орталығының төрағасы Мұхаммад Казем Саджадпур Қазақстан республикасына жасаған сапарының жалғасында Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбековпен кездесіп, зерттеу және ғылыми ынтымақтастықтар жөнінде сұхбаттасты. Саджадпур аймақтық және халықаралық көптеген мәселелердегі екі ел тұрғыларының бағыттастығына сілтеме жасап, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер негізінде ғылыми бірлескен отырыстар өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақстанның әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков те осы институттың зерттеу, баспа, әлемдегі өзге зерттеу институттарымен байланыс негізіндегі қызметімен таныстырып, осы институттың Иранның зерттеу кеңсесімен, әсіресе СІМ- нің саяси және халықаралық зерттеу бюросымен ынтымақтастық жасауға әзірлігін жариялады. Отырыстың соңында екі елдің өкілдері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.