Түркістан 2017 жылы түркітілдес елдердің мәдени астанасы болады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i19156-Түркістан_2017_жылы_түркітілдес_елдердің_мәдени_астанасы_болады
Түркітілдес елдер мәдени кеңесінің 34- ші отырысында Түркістан қаласы түркітілдес елдердің 2017 жылғы мәдени астанасы болып таңдалды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 04, 2016 17:32 Asia/Almaty
  • Түркістан 2017 жылы түркітілдес елдердің мәдени астанасы болады

Түркітілдес елдер мәдени кеңесінің 34- ші отырысында Түркістан қаласы түркітілдес елдердің 2017 жылғы мәдени астанасы болып таңдалды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРІКСОЙ) бас хатшысы Дүйсен Қасеинов осы ұйымға мүше елдердің Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 34-ші отырысында Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Түркістан қаласын түркітілдес елдердің 2017 жылғы мәдени астанасы деп жариялап: "Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымын UNESCO ресми деп таныған. Бұл ұйым 20 жылдан астам уақыт ішінде өзінің әсерлі шараларымен түркітілдес елдердің жақын және достық байланыстарын күшейтіп жатыр» деді.

Оның айтуынша, осы ұйымның сәтті жобаларының бірі 2012 жылы түркітілдес елдердің мәдени астанасын сайлау үдерісінің басталуы болған.

Аталмыш ұйымның құрылымы мен өткен жылғы қызметін сараптау, дәстүрлі фестивалдерге шолу жасау және жолға қойылған жаңа мәдени жобалар сияқты тақырыптар түркітілдес елдер Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 34-ші отырысының күн тәртібіне қойылды.

Мұның алдында, яғни 2016 жылы Әзірбайжан республикасының Шеки қаласы түркітілдес елдердің мәдени астанасы болды.