Жел 10, 2016 15:29 Asia/Almaty
  • Америкалық заң шығарушылар лаңкестік топтарды қаруландыруға тыйым салу туралы заң жобасын ұсынды

АҚШ президенті Барак Обама Сириядағы АҚШ-пен одақтас топтарды қарумен қамтамасыз етуге қатысты шектеулерді алып тастағаннан бірнеше күн өткеннен кейін Вашингтонда демократтар мен республикашылдар партияларынан заң шығарушылардың бір тобы Таяу Шығыс пен әлемнің басқа да жерлеріндегі лаңкестік топтарды қаруландыруға тыйым салу жобасын ұсынды.

Шын мәнінде Конгрестің заң шығарушылары мен АҚШ үкіметінің арасындағы қашықтық Обаманың Сириядағы ұстамшыл қарулы топтарды қару-жарақпен қамтамасыз етуге тыйым салу әрекетінен кейін айқындала түсті. Осы аяда АҚШ-тың Өкілдер палатасының екі партиясының мүшелерінен құралған заң шығарушылардың бір тобы "Лаңкестерді қаруландыруға тыйым салу заңы" деп аталатын жоба ұсынды. Бұл жоба АҚШ үкіметіне ұйымдардың тізімдеріне енгізілген лаңкестік топтарды қару-жарақ, қаржы және жаттықтыру тұрғысынан көмектесуге тыйым салады.

Бұл жоба Сириядағы бейберекеттіктер өрістегеннен кейін Сириядағы қарсылас топтарға қаржы, қару-жарақ және оқу-жаттығу тұрғысынан көмек көрсеткен  АҚШ үкіметіне ғана қатысты емес, сонымен қатар оның мақсаты АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының Сириядағы "ұстамшыл қарсылас топтар" деп аталатын қарулы топтарға жасырын түрде қару-жарақ жөнелту бағдарламасының алдын алу болып табылады. Осы жобаның мәтінінде ДАИШ, әл-Каида және өз атауын "Фатх әш-Шам майданы" деп өзгерткен ән-Носрат майданына қолдау көрсетуге ашық түрде тыйым салынған. Бұл шектеу осы топтардың одақтастары мен оларды қолдап отырған шет елдерді де қамтиды. Осы жобаның тарауларының бірінен  Сирияда кейбір қарсылас топтарды ашық түрде қолдап отырған Сауд Арабиясы, Түркия мен Катардың атаулары да көзге түседі.  

Жобаның артында Сирия үкіметін құлатуға талпыныс жасаудың орнына ДАИШ тобымен күресу қажеттігін бірнеше рет қуаттаған АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп тұрған тәрізді. Шын мәнінде Обама үкіметінің Сириядағы қарсылас топтарды қаруландыруға қойылған шектеуді алып тастаудағы мақсаты Сирия әскері мен оның одақтас күштерінің Алеппоның шығысындағы лаңкестік топтармен күрестегі жарқын жеңістеріне қарсылық білдіру болып табылады.

Лаңкестік топтардың бірнеше рет жеңілістен кейін Алеппо қаласының түрлі аудандарынан кері шегінуі Сирияның азамат соғысындағы өзгерісті кезеңнің жаршысы болып табылады. Сирия әскерінің Алеппода толық жеңіске жетуі лаңкестік топтардың Сирияның басқа жерлерінде де жеңілуіне себеп болады деп күтілуде. Дәл осы мәселе АҚШ пен оның батыс және Сауд Арабиясы, Катар мен Түркия сияқты араб одақтастарының үрейін тудырып отыр.

Шын мәнінде бұл елдер Дамасктің заңды үкіметін құлату мақсатында Сирия дағдарысына салған бірнеше миллиард доллар қаржыларының желге ұшқанын түсініп отыр. Сол себепті Обама үкіметі жылдам шара қолданып, Сириядағы, әсіресе, Алепподағы қарулы қарсылас топтарды қаруландыруға қатысты шектеулерді алып тастау арқылы олардың жеңілуінің алдын алуға күш салды. Осындай жағдайда бұл әрекет қазір кейбір америкалық заң шығарушылардың жағымсыз реакцияларымен бетпе-бет келіп отыр. Олар осы мәселенің ықтималды салдарлдары, әсіресе, бұл қарулардың басқа лаңкестік топтардың ықтиярына өтуі сияқты салдарларды назарға алып, жоба ұсыну арқылы үдерісті тоқтатуды көздеп отыр. Бұл мәселе сонымен қатар АҚШ билігіндегі лаңкестікке қатысты екіұшты көзқарасты көрсетеді.

Обама үкіметі іс-жүзінде лаңкестік топтар болып табылатын қарулы топтарды нығайтуды қолдап отырған жағдайда, Конгрес оған қарсы шықты. Обама өз өкілеттігінің соңғы айларында Сирияға қатысты саясатының сәтсіздікке ұшырағанына куә болуымен қатар, қазіргі дағдарысты кезеңнен шығу үшін ұсынған жолдары да Конгрестің қарсылығын тудырып отыр.

 

Тегтер