Иран Қазақстаннан екіжақты келісімдерді іске асыру үдерісін жылдамдатуды сұрады
Иранның Ауылшаруашылық министрі Иран Ислам Республикасының көршілес елдермен сыртқы қарым-қатынастарын дамытуда Қазақстанның орнын ерекше деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ауылшаруашылық министрі Махмұд Ходжати жексенбі күні Теһранда өткен Иран мен Қазақстанның экономикалық, сауда, ғылыми, технология және мәдени ынтымақтастық жөніндегі ортақ комиссиясының он бесінші отырысында Қазақстанның екіжақты келісімдерді іске асыру үдерісін жылдамдатуды сұрады.
Ходжати Иран мен Қазақстан арасындағы түрлі деңгейдегі көптеген экономика және технология салаларындағы делегациялармен алмасуды екі жақты қатынастарды дамытуға деген өзара қызығушылықтың нышаны деп атап: «Соңғы жиырма жылда екі ел арасында экономика, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, мәдениет, тасымал және технология секілді түрлі салаларда айтарлықтай ынтымақтастықтар жүзеге асты», - деді.
Қазақстанның Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен Иран мен Қазақстанның экономикалық, сауда, ғылыми, технология және мәдени ынтымақтастық жөніндегі ортақ комиссиясының он бесінші отырысы барысында екі ел арасында кеден, қаржы және банк, ауыл шарушылығы мен су, құрлық, теңіз және әуе тасымалы, коммуникация, мұнай және химия, мәдени туризм, денсаулық сақтау, білім және ғылым, технология мен тау-кен өндірісі салаларын қамтитын 58 тармақтан құралған келісімге қол қойылды.