Қаң 02, 2017 11:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей және Сирияның аймақтағы үйлесімділіктері жалғасуда

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Сирияда осы елдің жер тұтастығы мен заңды билігін мойындаған қарсыластармен келіссөз жүргізілетінін мәлімдеді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти Теһранда Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллимді қабылдағаннан кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Қазақстан республикасының елордасы Астанада Сирия үкіметі мен оның қарулы қарсыластары арасында өтетін келіссөз қаруларын тастап, лаңкестікті қойған және Сирия халқының бір бөлігі болып, Сирияның жер тұтастығы мен заңды билігін мойындаған топтардың арасында өтеді. ДАИШ және "ән- Носрат майданы" лаңкестік топтары осы келіссөздерге қатыстырылмайды» деді.

Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл- Муаллим де Иран халқы мен үкіметінің Сирияны қолдауына алғыс айтып, осы кездесуді Аллепподағы соңғы жеңістерден кейінгі ортақ үйлесімділіктерді нығайту бағытында деп атап, елінің атысты тоқтату бітімін сириялықтар арасында бөгделердің араласуынсыз саяси келіссөздерді ашу деп санайды» деді.

 

 

Тегтер