"Nаmbya" зерттеу орталығы Қазақстанды әлемдегі 10 арзан елдің қатарында атады
"Nаmbya" зерттеу орталығы әлемдік бағалар жөніндегі өзінің жылдық есебінде Қазақстанды баға тұрғысынан әлемдегі 10 арзан елдің қатарында атады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Nаmbya" зерттеу орталығы әлемдік бағалар жөніндегі өзінің жылдық есебінде Қазақстанды әлемдегі 10 арзан елдің қатарында атады.
Осы мәлімет бойынша, Қазақстан 2016 жылы әлемнің 122 елінің арасында тауарлардың арзандығы тұрғысынан 119- шы орында тұрды. 2015 жылы Қазақстан 62-ші орында болған.
Бұл рейтингте Үндістан, Молдавия, Пәкістан, Қазақстан, Непал, Украина, Грузия, Алжир, Әзірбайжан республикасы мен Колумбия әлемдегі 10 арзан елдер ретінде танылған.
Осы рейтинг 4 өлшем бойынша, атап айтқанда жергілікті халықтың сатып алу әлеуеті, баспана жалдау, тамақ өнімдері және тұтынушы бағасының көрсеткіші бойынша жасалған.