Қаң 11, 2017 13:56 Asia/Almaty
  • Обама АҚШ-тағы нәсілшілдіктің жалғасуы туралы ескертті

АҚШ Президенті өз еліндегі нәсілшілдіктің жалғасуы туралы ескертті

Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Барак Обама сейсенбі күні Чикаго университетінде сөйлеген қоштасу сөзінде нәсілшілдіктің Америкада әлі күнге дейін жік салу күші болып отырғанын қуаттады.
АҚШ Президенті сонымен бірге бұл елдің саяси жағдайы  туралы ескертіп, нәсілшілдікті сол елдегі демократия үшін маңызды қатер деп атады. Оның айтуынша америкалық мұсылмандарға қарсы кемсітушілікті қабылдауға болмайды.
 АҚШ Президенті Барак Обама Иран мен «алтылық» тобының ядролық мәселеге қатысты келісімі мен Кубамен қарым-қатынастың орнатылуын өзінің президенттік кезеңінің ең маңызды жетістіктері деп  бағалады.
АҚШ Президенті сөзінің жалғасында: «Климаттың өзгеруін теріске шығару келешек ұрпаққа қиянат жасау болып табылады. АҚШ-тағы түрлі-түсті адамдардың өлімінің артуы мен полицияның қатыгездіктері мен атыстар нәсілшілдіктің АҚШ қоғамы үшін үлкен қоқан-лоққы екенін көрсетеді. Бұл елді біріндеп күйреуге жеткізеді»,-деп мәлімдеді.
 

 

 

Тегтер