Әлемдік Күрес одағы Иранның шешімін құрметтейді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i23989-Әлемдік_Күрес_одағы_Иранның_шешімін_құрметтейді
Әлемдік Күрес одағының төрағасы америкалық палуандардың Иранға кіруіне Иранның қарсылық білдірген шешімін құрметтеуге лайық деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 04, 2017 17:30 Asia/Almaty
  • Әлемдік Күрес одағы Иранның шешімін құрметтейді

Әлемдік Күрес одағының төрағасы америкалық палуандардың Иранға кіруіне Иранның қарсылық білдірген шешімін құрметтеуге лайық деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, әлемдік Күрес одағының төрағасы Ненад Лалович өз мәлімдемесінде Керманшахтағы еркін күрестен әлем кубогы жарыстарына Американың күрес командасының қатысуына Иранның қарсылығына қатысты реакцияда осы бірлестіктің Иранның шешімін барлық күрделігімен құрметтейтінін мәлімдеп, келешекте ирандық және америкалық палуандардың жарысқа бірге қатысуына үміт білдірді.

Иранның күрес федерациясы әлемдік күрес одағына хат жолдап,  Керманшахтағы еркін күрестен өтетін әлемдік кубогында Америка командасының орнына келетін команданы жариялауды сұрады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні Керманшахтағы еркін күрестен әлемдік кубогы жарыстарына Американың күрес командасының қатысуына елінің қарсылығын жариялап: «Американың жаңа үкіметінің саясатына сәйкес, Иран СІМ Американың күрес командасының Иранға сапар шегуіне қарсылық танытуға мәжбүр» деді.