Қазақстан мен Иранның темір жол саласындағы ынтымақтастықтары кеңейтілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24133-Қазақстан_мен_Иранның_темір_жол_саласындағы_ынтымақтастықтары_кеңейтілді
"Қазақстан темір жолының" басшысы: "Өткен жылы Қазақстаннан Иранға 2 миллион 200 мың тонна көлемінде жүк тасымалданды. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 16 пайызға артқан" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 08, 2017 09:45 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Иранның темір жол саласындағы ынтымақтастықтары кеңейтілді

"Қазақстан темір жолының" басшысы: "Өткен жылы Қазақстаннан Иранға 2 миллион 200 мың тонна көлемінде жүк тасымалданды. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 16 пайызға артқан" деді.

Иран темір жолы компаниясының сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Қазақстан темір жолдары компаниясының басшысы Қанат Алпысбаев Теһранда ИИР-ның темір жолдары компаниясының бас директоры Саид Мұхаммадзадемен кездесуінде: "Екі елдің ынтымақтастықтар деңгейін жоғарылатып, темір жол тасымалының үлесін арттырғаннан кейін ағымдағы жылы жүк тасымалының көлемі 13 миллион 300 мың тоннаға жететін болады" деді.

ИИР-ның темір жолдары компаниясының директоры да осы кездесуде Иранның 3000 жолаушылар тасымалына арналған және 28 мың жүк тасымалына арналған вагонды қажет етенін мәлімдеп: "Қазақстан мен Иранның серіктестігімен вагондар жасалған жағдайда техникалық растау мен баға қоюдан кейін темір жол мамандары тарапынан тиісті көмек көрсетіледі. Иранның темір жолдары компаниясы Амирабад порты және Инче-Борунда жүк иелерін қолдап, оларға жеңілдік жасауға әзір" деді.