Нау 29, 2017 15:49 Asia/Almaty
  • Рухани мен Путин екіжақты қатынастарын кеңейтуді қуаттады

ИИР президенті өзінің ресейлік әріптесімен кездесуінде Иран мен Ресейдің мақсатын аймақтағы бейбітшілік пен тыныштықты нығайту деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани кеше сейсенбі күні Мәскеуде РФ президенті Владимир Путинмен кездесуінде: "Теһран мен Мәскеу қарым-қатынастары үшінші мемлекетке қарсы бағытталмаған ", - деді.

Рухани соңғы жылдары Иран мен Ресей қарым-қатынастарының дамығанына сілтеме жасап: "Теһран мен Мәскеу бірлесе  отырып, халықаралық лаңкестікпен күрес және есірткі заттарының контрабандасы салаларында жақсы тәжірбие жинады",- деді.

Сонымен қатар, Иран президенті Иран мен Ресейдің лауазымды тұлғаларының келіссөздері барысында Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарын дамытуда жаңа қадамдардың жасалатындығына үміт білдірді.

Осы кездесуде Ресей президенті Владимир Путин де Иранды Ресейдің жақсы көршісі және тұрақты әрі сенімді серіктесі деп атап: "Ресей мен Иран ұзақ жылдардан бері бір-бірімен қарым-қатынас жасап келеді. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарың 500 жылдан астам тарихы бар.

Мәскеу мен Теһран барлық салаларда, әсіресе халықаралық мәселелер мен осы және экономикалық саладағы ауыр қиындықтарды шешуде бір-бірімен ынтамақтастық жасап отыр",- деді.

Сондай-ақ, РФ президенті 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы екі ел арасындағы сауда айналымының 70 пайызға өскеніне сілтеме жасап: "Мұндай жетістікке қазіргі шиеленіскен экономикалық жағдайда қол жеткіздік",- деп қуаттады.

 

Тегтер