Ташкент-Бішкек-Алматы газ құбыр жолы құрылысының екінші кезеңі аяқталды
Сәу 03, 2017 21:43 Asia/Almaty
Қырғызстанның "Газпром" компаниясының баспасөз бюросы Ташкент-Бішкек-Алматы газ құбыр жолы құрылысының екінші кезеңінің аяқталғанын хабарлады.
Құбыр жолы Өзбекстаннан басталып, осы елдің газын Қырғызстан арқылы Қазақстанға жеткізеді. Газ құбыры Бішкек қаласынан 33 шақырым қашықтықтағы Қырғызстанның Сокулук елді мекенінен өтеді. "Газпром" компаниясының төрағасы Алексей Милердің айтуынша, бұл жоба Қырғызстан мен бүкіл Орталық Азия үшін зор маңызға ие. Өйткені, Қырғызстанның солтүстік аймақтары мен Қазақстанның оңтүстік аймақтары тұтынатын газды қамтамасыз етеді.