Бердімұхамедов сейсенбі күні Қазақстанға аттанады
Сәу 15, 2017 17:54 Asia/Almaty
Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мұрадов осы ел президентінің 18 сәуірде Астанаға сапар шегетінін хабарлап:
«Түркіменстан президентінің Қазақстанға алдағы сапары Ашхабад пен Астана арасындағы байланыстарда жаңа кезең қалыптастырады» деді.
Жоспар бойынша Қазақстан мен Түркіменстан президенттері аймақтық және халықаралық маңызды мәселелерді қарастырады. Ашхабад пен Астана арасындағы тауар айналымының көлемі 2015 жылы 178 миллион доллардан асқан.
Тегтер