Бердімұхамедов сейсенбі күні Қазақстанға аттанады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26102-Бердімұхамедов_сейсенбі_күні_Қазақстанға_аттанады
Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мұрадов осы ел президентінің 18 сәуірде Астанаға сапар шегетінін хабарлап:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 15, 2017 17:54 Asia/Almaty
  • Бердімұхамедов сейсенбі күні Қазақстанға аттанады

Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мұрадов осы ел президентінің 18 сәуірде Астанаға сапар шегетінін хабарлап:

«Түркіменстан президентінің Қазақстанға алдағы сапары Ашхабад пен Астана арасындағы байланыстарда жаңа кезең қалыптастырады» деді.

Жоспар бойынша Қазақстан мен Түркіменстан президенттері аймақтық және халықаралық маңызды мәселелерді қарастырады. Ашхабад пен Астана арасындағы тауар айналымының көлемі 2015 жылы 178 миллион доллардан асқан.