Классикалық парсы әдебиеті Ресей халқы арасында үлкен беделге ие
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26148-Классикалық_парсы_әдебиеті_Ресей_халқы_арасында_үлкен_беделге_ие
Парсы тілі Ресейдің беделді университеттерінде ресми түрде оқытылатын тұңғыш шығыс тілі болып табылады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 16, 2017 18:21 Asia/Almaty
  • Классикалық парсы әдебиеті Ресей халқы арасында үлкен беделге ие

Парсы тілі Ресейдің беделді университеттерінде ресми түрде оқытылатын тұңғыш шығыс тілі болып табылады.

Парсы тілін оқыту ісі Ресейдің беделді университеттерінде 1825 жылдан басталды. Парсы әдебиеті мен поэзиясы осы елдің халқы арасында зор құрметке ие.

Ресейліктер Иранның көне мәтіндерінде пәлсәпа, хикмет және шабыт әпсаналық көркемдікпен біте қайнасқан деп санайды. Сондықтан студенттердің көбі Иранның көне әдебиетіне қызығушылықтарына байланысты университетте ирантану пәнін таңдайды.

Орыстар парсы поэзиясымен француз және неміс тілдеріне аударылған шығармалар арқылы 19-шы ғасырдың бас кезінен танысты. Сол аудармалар өте жылдам Ресейдің әдеби қоғамына ықпал етіп, орыстың ақындары ирандық ақындарға еліктей бастады.

Орыстар Моулана, Фирдауси, Сағди және Хафиз сияқты ирандық ақындардың шығармаларының аудармасын құмартып оқиды.

Орыс жазушысы Николай Чернышевский «Әлемдік поэзияны парсы поэзиясынсыз елестету мүмкін емес» деген болатын.

Орыстың көптеген ақындары мен жазушылары, соның ішінде Пушкин, Толстой және Лермонтов пен Есенин парсы әдебиетімен таныс болған.