Тәжікстан мен Қазақстан стратегиялық ынтымақтастықтарды арттыруға мүдделі
Қазақстан мен Тәжікстан Сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі екі елдің стратегиялық серіктестік мақсатта құжаттармен алмасуы арқылы жүзеге асты.
Бұл құжаттар Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Аслов пен оның қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановпен арадағы келіссөздерінің соңында екі тараптың қол қоюымен бекітілді.
Сонымен қатар, Тәжікстан мен Қазақстанның жоғарғы дипломаттарының кездесуі кезінде аймақтағы кейбір өзгерістер мен екі ел ынтымақтастығының көкжиектері талқыланып, қарастырылды. Астана мен Душанбенің халықаралық ұйымдарда кейбір аймақтық және халықаралық мәселелерге байланысты ынтымақтастық жасау аясында өзара әрекеттестік жасауы қажеттігін қуаттауы екі мемлекеттің лауазымды тұлғалары сұхбатының басты бағдары болды.
Стратегиялық ынтымақтастықтың анықтамасына сәйкес, бұл мемлекеттер әскери күшті пайдалануға шектеулі түрде назар аударып, психологиялық факторларды пайдаланып, мүмкіндігінше зорлық-зомбылықтан аулақ болып, ынталандыру, сендіру, жазалау әдістерін пайдалану және қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оны сақтау үшін саяси, экономикалық және мәдени салада ымыраға келісімге келу, сондай-ақ әрбір елдің ұлттық мүдделері мен мақсаттарына жету үшін бірігуі тиіс.
Тәжікстан мен Қазақстанның стартегиялық ынтымақтастыққа деген көзқарастары мынадай шеңберде анықталған, яғни, стратегиялық ынтымақтастық серіктес ойыншылар мақсаттарын жүзеге асырған жағдайда стратегиялық одақтың құрылуына себеп болуы мүмкін. Бұл халықаралық аренадағы ынтымақтастық пен одақтың ең жоғарғы дәрежесі саналады.
Дәл қазір Тәжікстан мен Қазақстан осындай бағыттың басында орналасқан. Сондықтан Душанбе мен Астана басшыларында ынтымақтастықтың алғашқы қадамында екі мемлекет қауіпсіздік дағдарыстарына төтеп беріп, екіжақты экономикалық, сауда-саттық ынтымақтастықтарын жаңа ынтымақтастық негізінде анықтап, түсіндіре алады деген көзқарас қалыптасқан. Тәжікстан мен Қазақстан Астана мен Душанбе арасындағы қарым-қатынастар деңгейін стратегиялық ынтымақтастық стандарттары деңгейіне көтермесе, бұл мақсаттың орындалуы екіталай. Сол себепті, екі ел президенттері өткен жылдың қараша айында қол қойған келісімде бір-біріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетпей, қауіп-қатер төндірмей, аймақтық және әлемдік деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, қауіп-қатер және қиындықтармен күресу қажеттігін қуаттаған болатын.
Сонымен қатар, бұл келісім Қазақстан мен Тәжікстан арасында екіжақты әскери және техникалық қатынастарды арттыруға сілтеме жасап, сауда-экономикалық, азаматтық қорғаныс пен энергетика салаларында ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін ерекше қуаттады. Сол себепті, екі мемлекет президенттері стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан аз уақыт өткен соң, екі елдің заң шығарушы органдары келісімді бекітті. Бұл әрекет саяси салада екі халықаралық ойыншы арасындағы ынтымақтастықтың ең жоғарғы деңгейі саналатын Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жолындағы екі мемлекет президенттерінің еріктеріне заң жүзінде ешқандай тыйым салынбас үшін жасалды.