Мәскеу Астана келіссөздерінің жаңа кезеңін өткізуді сұрады
Ресей Астана келіссөздері шеңберінде Сирия мәселесіне қатысты отырыстың жаңа кезеңін маусым айының ортасында өткізуді сұрады.
Сирия телеарнасының хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов: "Сирия мәселесіне қатысты отырыстың нақты мезгілін анықтау үшін үйлесімдік жұмыстары атқарылды",- деп мәлімдеді.
Богданов Қазақстанның Сирия келіссөздерін тағы да Астанада өткізуге әзір екендігіне қуаныш білдіріп: "Ресей келесі аптада Мәскеуге сапармен келетін БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен Астана және Женева келіссөздері, Сириядағы ахуал, соғыс әрекеттерін тоқтауға талпыныс, ДАИШ және ән-Носрат майданы лаңкестерімен күрес, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарына сәйкес және БҰҰ-ның Женевадағы бақылауындағы саяси үдерісті қадағалау туралы сұхбаттасады",- деді.
Сонымен қатар, ресейлік дипломат Ресейдің Сирия, Түркия, Иранмен және БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілімен бір мезгілде кеңесу қажеттігін қуаттады.