Қазақстан мен АҚШ қорғаныс саласындағы ынтымақтастық жобасына қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28730-Қазақстан_мен_АҚШ_қорғаныс_саласындағы_ынтымақтастық_жобасына_қол_қойды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Қазақстан Қорғаныс министрліктерінің бес жылдық қорғаныстық ынтымақтастық келісіміне қол қойғаны туралы хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 07, 2017 14:02 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен АҚШ  қорғаныс саласындағы ынтымақтастық жобасына қол қойды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Қазақстан Қорғаныс министрліктерінің бес жылдық қорғаныстық ынтымақтастық келісіміне қол қойғаны туралы хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жариялауына сәйкес, Қазақстан мен АҚШ қорғаныс министрліктері өкілдерінің Вашингтондағы екіжақты кездесулері 2018-2022 жылдар аралығындағы бес жылдық қорғаныстық ынтымақтастық саласындағы жобаға қол қоюмен аяқталды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Қазақстан мен АҚШ арасынағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтарының жаңа жобасында   бес жылдық кезеңдегі ынтымақтастық салалары анықталды.

АҚШ пен Қазақстанның қорғаныс және әскери ынытмақтастықтары шамамен алты жыл бұрын АҚШ Ауғанстандағы әскери құралдары мен жабдықтарының орнын ауыстыру үшін Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанмен  ынтымақтастық жасауға мәжбүр болған кезде басталды. Вашингтон мен Астананың әскери және қорғаныстық ынтымақтастық жасауының қажеттігі АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азиядағы әскери стратегиясымен байланысты. Сол кезде Өзбекстанның Ханабад базасынан шетелдік әскерилерді шығару мәселесі көтерілді. Дәл сол кезде Қырғызстандағы Манас базасында АҚШ әскерилерінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік департаменті кеңесулерінің нәтижесінде АҚШ-ның құрал-жабдықтарын Ауғанстанға Қазақстан жерінен тасымалдауға қатысты жаңа орталық құру туралы протоколға  қол қойылды.  Басқаша айтқанда, бұл протоколға қол қою АҚШ пен Қазақстан арасындағы қорғаныс және әскери ынтымақтастықтардың маңызды мәселесіне айналды. Өткен ақпанда Қазақстан Қорғаныс министрі Астанадағы АҚШ елшісімен кездесуінде екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты кеңейту туралы пікір алмасты. Енді екі елдің 5 жылдық қорғаныс ынтымақтастықтар жобасына қол қоюы сол кездесулер мен кеңесулердің нәтижесі саналады.

Кейбір саяси топтардың пікірінше, Қазақстанның өткен жылдардағы сыртқы саясатының ұстанымы, әсіресе Астананың халықаралық мәселелерге қатысуы Вашингтонның әртүрлі деңгейде Астанамен ынтымақтастық жасауға ынта білдіруіне себеп болды. Вашингтон-Астана қорғаныс ынтымақтастығына Ресейдің реакция білдіру ықтималына қарамастан, Вашингтон Қазақстанның кейбір саяси топтары арасында алаңдаушылық тудыратын тақырыпты көтерді. Мәскеу бұрынғысынша Қазақстан сынды елдің АҚШ пен қорғаныс ынтымақтастықтарына соншалықты рекация білдірмей отыр. Алайда Ресей Оралық Азия мен Кавказ республикаларының Батыс үкіметтері арасындағы ынтымақтастықтарына бұрынғыдан көбірек назар аударуда. Қазақстан қоғамы мен бұл елдің саяси топтары жақын арада Орталық Азия республикалары мен Ресеймен ең үлкен  әскери ынтымақтастық келісіміне  куә болып, бұл ынтымақтастық, тіпті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы немесе Шанхай ынтымақтастық ұйымының  негіздері бойынша орнатылуы мүмкін.