Қазақстан туризм үшін қауіпсіз елдердің рейтінгінде 58 орында
Орталығы Швйцарияда орналасқан үкіметтік емес «Әлемдік экономика» ұйымы туристер үшін қауіпсіз елдердің рейтінгін жариялады.
Қазақстан бұл рейтингте 58 орында орналасып, 67-ші орындағы Франция, 70-ші орындағы Италиядан, 78-ші орындағы Ұлыбритания мен 84-ші орындағы АҚШ-тан озды. Бұл рейтинг бойынша Финляндия, Біріккен Араб Әмірлігі және Исландия бірінші орындарды иемденді.
Түркия 116-шы, Таиланд 118-ші, Мысыр 130-шы орындарда орналасты. Қазақстандық туристер көбінесе осы елдерге сапар шегеді.