АҚШ – Венесуэладағы тынышсыздық пен бүліктің негізгі факторы
Шіл 30, 2017 08:49 Asia/Almaty
Венесуэла Республикасының Президенті бұл елдегі тынышсыздық пен бүліктің негізгі себебін АҚШ-тың араласушылығы деп атады.
Венесуэла Республикасының Президенті Николас Мадуро Russia Today телеарнасына берген сұхбатында: «Венесуэла оппозиционерлері АҚШ-тағы экстремистік күштердің қолдауына сүйенгендіктен дипломатияны қолданғысы да келмейді.
АҚШ ОББ-ның басшысы Майк Помпео Венесуэла үкіметін құлату үшін Колумбия және Мексикамен әріптестік жасағанын мойындады»,-деді. Венесуэладағы наразылықтар мен тынышсыздықтар 2017 жылдың сәуір айынан басталды. Батысшыл оппозиционерлер ел Президентінінің биліктен кетуін талап етуде.
Тегтер