Там 01, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • Америка Түркияның Ресейден зымырандық кешен сатып алу шешіміне алаңдаушылық білдірді

Американың Қорғаныс министрлігі Пентагон Түркияның Ресейден әуе қорғаныстық кешенін сатып алуға шешім қабылдауына алаңдаушылық білдірді.

Вашингтоннан «Франс Прес» агенттігінің хабарлауы бойынша, Америка Қорғаныс министрлігініңң ақпарат хатшысы Джефф Дэвис Пентагонның ресейлік зымырандық кешенін Түркияның сатып алуға шешім қабылдауына байланысты алаңдаушылық танытатынын, себебі, бұл кешеннің батыс технологиясын пайдаланатын НАТО-ға мүше 29 елдің басқа кешендерімен жақсы жұмыс істей алмауы мүмкін екенін айтқан.

Түркия 1952 жылдан бері Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымына мүше, әрі осы ұйымның қорғаныстық кешендерін өзінің әуе қорғанысы үшін пайдаланады. Бірақ, 2015 жылы Түркияның оңтүстігінен Американың «Патриот» зымырандық кешенінің шығарылуымен Ресейден С-400 зымырандық қорғаныстық кешенін  сатып алу тақырыбын күн тәртібіне енгізді.

Қытайға да сату туралы келісімге қол қойылған Ресей қарулы күштерінің ғана ықтиярындағы С-400 кешені кең ауқымды радарлық  бақылау мен бір уақытта  72 зымыран ату қабілетіне ие, сондай-ақ, 5-60 км дейінгі қашықтық пен 2-27 км биіктікте тактикалық және баллистикалық нысандарды жоятын әлемдегі ең дамыған қорғаныстық кешен саналады.  

 

Тегтер