Иранның волейбол командасы Қазақстан командасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды
Иранның волейбол командасы Қазақстан командасын жеңіп, 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Иранның волейболдан ұлттық құрама командасы жексенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Ардебиль қаласында өтіп жатқан Азия аймағы және B тобы бойынша әлем чемпионатына іріктеу сайысының жалғасында өзінің үшінші кездесуінде Қазақстанның волейбол командасымен сайысқа түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Иранның волейболдан ұлттық құрама командасының қоржынында үш жеңіс пен 9 ұпай бар. Иранның волейбол командасы бүгін дүйсенбі күні өзінің соңғы кездесуінде Катар командасымен сайысқа түседі.
Иранның волейбол командасы мұның алындағы екі кездесуінде Қытай және Солтүстік Корея командаларын жеңген болатын.
Волейболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Италия мен Болгарияда өткізіледі.