Өзбекстан мен Қазақстан арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі осы ведомствоның басшысы Сәкен Жасұзақов пен оның өзбек әріптесі Кабул Бердиевтің Өзбекстанның астанасы Ташкентте екі елдің әскери ынтымақтастық келісіміне қол қойғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі сенбі күні: «Екі тарап ортақ әскери білім беруді де қамтитын әскери ынтымақтастық жобасына қол қойды. Бұл тараптардың екіжақты ынтымақтастық тарихындағы осы саладағы ең алғашқы құжаты саналады»,-деп мәлімдеді.
Осыдан бұрын Өзбекстан мен Қазақстан басшылары екі елдің Қарулы күштері арасындағы ынтымақтастыққа ризалық білдірумен қоса, аймақтық қауіпсіздік пен қорғаныс саласында ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттаған болатын.