Қыр 05, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • АҚШ – Дейр эз-Зорды азат етудің кейінге қалуының негізгі факторы

Сирия армиясының одақтас күштері әрекеттерінің штабы мәлімдемесінде америкалық коалицияның Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зорды ДАИШ лаңкестік тобынан азат етудің кейінге қалуының негізгі факторы деп атады.

Сирия армиясының одақтас күштері әрекеттерінің штабы мәлімдемесінде: ««ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция» деп аталған одақтың әскери ұшақтары Сирия мен оның одақтастарының позицияларын нысанаға алып, Дейр  эз-Зор қаласын жылдам азат етуге кедергі болып отыр»,- деп хабарлады.

Сирия армиясының одақтас күштері әрекеттерінің штабы әскери өзгерістер, әсіресе Дейр эз-Зор қоршауының бұзылуы туралы: «Америкалық коалиция ДАИШ лаңкестік тобының алға ілгеруінде маңызды рөл атқарып, Сирия армиясының алға ілгерілеуіне тосқауыл жасап отыр» деді.

Сирия армиысының бірінші тобы жексенбі күні кешке ДАИШ лаңкестік тобының Дейр-эз-Зордағы үш жылдық қоршауын бұзып, қалаға кірді.

Ресей Қарулы күштері Бас штабының жедел әрекет ету басқармасының басшысы Сергей Рудской де ДАИШ-ке қарсы АҚШ басқарған халықаралық коалицияның Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобының жойылуына кедергі болып отырғанын қуаттаған болатын.

 

 

 

Тегтер