АҚШ Украинаға тегін әскери техника жіберуге шешім қабылдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i30921-АҚШ_Украинаға_тегін_әскери_техника_жіберуге_шешім_қабылдады
АҚШ Украинаға 500 млн долларға бағаланатын қару-жарақ пен әскери техника береді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 19, 2017 19:57 Asia/Almaty
  • АҚШ Украинаға тегін әскери техника жіберуге шешім қабылдады

АҚШ Украинаға 500 млн долларға бағаланатын қару-жарақ пен әскери техника береді.

Украина Республикасының Президенті Петр Порошенко: «АҚШ Сенаты осы елдің қауіпсіздік пен қорғаныс саласының 2018 жылға арналған бюджетін бекітті. Онда Киевке қару-жарақ пен қауіпсіздік саласында қолдау көрсету үшін 500 млн доллар бөлу қарастырылған»,-деді.

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис 25 тамызда Порошенкомен кездесу барысында осы елге құны 175 млн долларлық әскери техниканы тегін беру жоспарын хабарлаған болатын.