Рухани: Трамптың Иран халқынан кешірім сұрауын күтеміз
Иран Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының екіжақты келісім емес екендігіне тоқталып: «Бұл бағдарламаны бірінші болып бұзатын кез келген ел өзінің құқықтық міндеттемелерін аяқ асты етумен қоса, оқшаулану жолын таңдайды»,-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысу мақсатындағы Нью-Йорк сапарының соңында халықаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткізген баспасөз конференциясында: «АҚШ пен Еуропа халықтары Вашингтонның Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімінен шығу талпынысын қолдамайды»,-деді.
Иран Президенті АҚШ Президенті Дональд Трамптың сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы қате мәліметтер мен негізсіз айыптауларға негізделген ерсі сөздеріне тоқталып: «Оның Иран халқынан кешірім сұрауын күтеміз»,-деді.
Рухани, сонымен қатар, Мьянма армиясы мен буддистердің рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстары жайлы айтқан сөзінде Мьянмада геноцидтің орын алып жатқанын айтып: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл мәселе бойынша шұғыл шешім қабылдауы керек»,-деді.